Грецияның Салоники қаласында өткен Самбодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Ақтоты Зарип күміс медаль жеңіп алды.
14-18 қазан аралығында ұйымдастырылған тартысты додада 30-дан аса елдің спортшылары бақ сынаған болатын. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақтоты Зарип 59 кг салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
– Әлем чемпионатына әр елдің үздік деген спортшылары жиылады. Жартылай финалда франциялық спортшымен жекпе-жекке шығып, 8-0 есебімен жеңіске жеттім. Ал ақтық кездесуде украиналық қызға есе жібердім.
Алда талай байрақты бәсекелер күтіп тұрғаны белгілі. Сондықтан елімді әлі талай жеңістеріммен қуанту үшін аянып қалмаймын, – деді спортшы.
Бүгінде оқу орнында аймақтың ғана емес, тұтас елдің намысын қорғап жүрген студенттер қатары артып келеді. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасына университеттің 33 студенті қабылданған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<