Еліміздегі жағдайға байланысты кәсіпкерлер мен жанашыр азаматтар белсенділік танытып, ел үшін көптеген қайырымды істерді атқаруда.
Бүгін облыстық мәслихат депутаты Темірхан Кенжебаев Арал ауданаралық ауруханасына 1 дана оттегі концентраторын сыйға тартты.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауруханаға барып, оттегі концентраторы аппаратын дәрігерлерге табыстады.
Арал ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қанат Үмбетов оттегі аппараты қызметінің маңыздылығын айтып, бұл игі істің қысылтаяң шақта үлкен көмек болғанын жеткізді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері демеушілік жасаған азаматқа ризашылықтарын білдірді.
Бұл аппарат індет жұқтырғандарды емдеу мақсатында пайдаланылатын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<