Арал ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

542

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ақмарал Әлназарова, Руслан Рүстемов және Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапарымен барып, Қамыстыбас ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, Сыр өңірінде заманауи үлгідегі спорттық нысандар көптеп салынатынын айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек», – деген болатын. Президентіміз бен Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймағымызда ауқымды жобалар жүзеге асуда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы 3 жылда 100 млрд. теңгеден асатын қаржыға 21 мектептің құрылысы жүргізіледі. Оның 4-еуі Арал ауданында бой көтермек. Биыл 10 мектептің құрылысы басталса, оның екеуінің іргетасы Арал қаласы мен Сексеуіл кентінде қаланады. Өткен жылы Аманөткел ауылындағы кешен қолданысқа берілсе, жақын күндері Жақсықылыш кентіндегі дәл сондай денешынықтыру-сауықтыру кешенінің игілігін халық көре бастайды», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шарада тыл ардагері Сейілхан Садақбаев та жерлестерін құттықтап, бата берді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<