Арал өңіріндегі «Қызғалдақ фестивалі»

2845

0

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында өзекті өсімдіктер флорасына 325 түрі жатады. Қорықтың Барсакелмес учаскесінде 253 түр,  Қаcқақұлан учаскесінде 101 түр және Дельта учаскесінде 112 түр тіркелген. Қазақстанның эндемик түрлер – 16; Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген 5 түр өсімдіктер бар. Олардың бірі – Арал өңірінің символы Борщов қызғалдағы.

Борщов қызғалдағы – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты шөптесін өсімдік. Торғай, Арал өңіріндегі құмды шөлдерде, Қызылқұмда өседі. Биіктігі – 20-40 см. Жуашығы жұмыртқа тәрізді, ені 2-4 см. Сабағын түк басқан. Жапырағы – 4, олар кезектесіп орналасады, сыртқа қайырылып, бұйраланған. Тұқымынан көбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусым айларында жемістенеді. Жемісі – үш ұялы көп тұқымды қауашақ. Оның ені 1,5-2 см, ұзындығы 2,5- 4,5 см. Гүл қоршауының бөліктері сары , қызғылт, негізінің екі жағында қара, күлгін бөлімдері бар, сыртқы бөліктері ромб тәрізді, ішкі және теріс сына тектес – жұмыртқа сынды әсем сәндік өсімдік.  Борщов қызғалдағы өте әдемі, сирек кездесетін өсімдік, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 

Сәуір айында Арал ауданында табиғаттың әсем туындысы, көктемнің көркі, сұлулықтың нышаны қызғалдақтарды қорғау мен дәріптеу мақсатында республикалық «Парктер шеруі-2023» табиғат қорғау акциясы аясында Қызғалдақтар фестивалі өтті.

Өткізілген іс-шаралар аясында өңіріміздің символы, әсемдік пен нәзіктіктің бейнесі – Борщев қызғалдағы туралы мектеп оқушыларының  жасаған танымдық көрмелер мен паннолар, қызғалдақ бейнелері таныстырылды.

Сонымен бірге, ауданымыздың мектептерінде өңіріміздің сұлуы – қызғалдақ туралы экологиялық іс-шаралар өтті.

Арал өңіріндегі «Қызғалдақ фестивалі»
Арал өңіріндегі «Қызғалдақ фестивалі»
Арал өңіріндегі «Қызғалдақ фестивалі»
Арал өңіріндегі «Қызғалдақ фестивалі»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<