Арал қаласы мен Сексеуіл кентінде тосқауыл бекеттері сақталады

1459

0

Аудандағы эпидемиялогиялық жағдай күрделене түсті. Соңғы тәулікте коронавирусты жұқтырудың 17 дерегі анықталып, жағдай өсім алып отыр. Қазіргі таңда 37 науқас аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда. Бұған қоса, 114 адам карантиндік стационарға, 144 адам үй карантиніне оқшауландырылды.

Осы орайда, қалыптасқан жағдайды ескере келе Арал ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 31.05.2020 жылғы №9 қаулысы қабылданды. Жаңа қаулыға сәйкес індеттің таралуын тежеу мақсатында Арал қаласы мен ауданға қарасты Сексеуіл кентіндегі тосқауыл бекеттерінің жұмыстары жалғасатын болды. Сонымен қатар, аталған екі аумақта да карантиндік шектеулер енгізілді. Ескеру керек, карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шаралар қабылданатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<