Арал-Қызылорда велосапары

906

0

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей полигонының жабылғанына  30 жыл толуы тұспа-тұс келіп отыр.  Осындай тарихи маңызы бар оқиғаларға тарту ретінде Арал аудандық “Невада-Семей” қоғамдық қорының мүшесі, ардагер Серік Өтепәлиев Арал мен Қызылорда қаласы аралығын велосипедпен жүріп өтті.

Өткен аптада велосапарға шыққан ардагердің мақсаты Арал жұртшылығы атынан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту жасау болатын. Ол  облыс орталығына жеткенше жолда Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының орталық алаңдарындағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.

Қызылордада ардагерді зиялы қауым құрметпен күтіп алып, облыс әкімінің  және “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының алғыс хаты мен “Семей полигонының жабылғанына 30 жыл” медалімен марапаттап, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының арнайы сыйлығын табыс етті.

Айта кету керек, 70 жастан асқан ақсақал бұған дейін Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Арал мен Қызылорда арасындағы 500 шақырымды жаяу жүріп өткен. Ардагердің айтуынша, өңірде Семей полигоны аймағында әскери борышын өтеген мыңдаған ардагерлер бар. Олар еліміздің тұрақты дамуы жолында әр салада еңбек етіп жүр.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<