Арал-Сырдария бассейнінің экологиясы мен биоресурстарын зерттейтін институт

1117

0

«Болашақ» университетінде 2020 жылы «Арал-Сырдария бассейнінің экологиясы мен биоресурстары» Ғылыми-зерттеу институты мен оның Арал филиалы құрылған болатын. Бүгінгі таңда Ғылыми-зерттеу институтын ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцентМ.М.Жанзақов, институт филиалын З.Ермаханов басқарады.

Ғылыми-зерттеу институты және оның филиалының мақсаты мен қызметтеріне Қазақстан Республикасы су айдындарындағы биоалуандылықты сақтауды қамтамасыз ету, балық шаруашылығының қызметі мен дамуы бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік қызметтер жатады.
Ғылыми-зерттеу институтықойылған міндеттерді іске асыру үшін келесі қызметтерді орындайды: балық шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті үдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу; Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының балықшаруашылығы су айдындарындағы биоалуандылыққа және гидробионттардың тірлік ортасына экологиялық мониторинг жасау; өте құнды балық тұқымдары мен түрлері гендік қорының және су айдындарын сақтаудың ғылымы негіздерін әзірлеу; балықтар популяциясының биологиялық жағдайларына жылдық болжам және балық аулау режимін реттеу мен жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау; халықаралық және мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындауға қатысу; Қазақстан су айдындары биоалуандығын сақтау және балық шаруашылығының аса маңызды ғылыми түйткіл мәселелері бойынша конференциялар және семинарлар, сондай-ақ мәжілістер мен пікірталастар ұйымдастыру; инновациялық технологияларды ғылыми қамтамасыз ету және өндіріске келісімшарттық негізде ұсыныстар енгізу.


Ғылыми-зерттеу институты жылыжай шаруашылығы, ара шаруашылығы, бақ өсіру бойынша және Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ-мен ғылыми қызметтестік туралы келісімшарт негізінде егістік дақылдардың селекциясы және тұқым шаруашылығы бойынша да ғылыми зерттеулер жүргізіледі.


Жоғарыдағы аталған аграрлық бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізу үшін «Болашақ» университетінде барлық қажетті жағдайлар жасалған: «Балжансай» және «Астаукөл» сауықтыру және оқу-өндірістік учаскелері, университет кампусында 8блокты жылыжай, Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ-дың стационарлық учаскесі, «Жаратылыстану және өнер» кафедрасыны профессор-оқытушыларынанқұралған Агробиологиялық зертхана жұмыс жүргізеді.


«Арал-Сырдария бассейнінің экологиясы

мен биоресурстары»

Ғылыми-зерттеу институты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<