Аралда Шөмішбай Сариевтің 75 жылдығына арналған конференция өтті

1324

0

Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің Арал аудандық филиалында ақын Шөмішбай Сариевтің 75 жасқа толуына орай «Халқымның жүрегіне жыр жазамын» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Жиында филиал басшысы Б.Қуатов ақынның еңбек жолына қатысты мазмұнды мәліметтер беріп, қатысушылармен таныстырып өтті. Конференция барысында ақынның жары Ж. Сариева онлайн арқылы естелігін айтып ғалымның қазақ әдебиетіндегі поэзия, оның ішінде лирика жанры саласының дамуына қосқан орасан зор үлесін айта келе өз баяндамаларына арқау етті.

Ақынның көптеген еңбектерінде, монографиялар мен мақалаларында жинақталып берілген қазақ лирикасы мен поэзиясы, аудармалары, саласындағы зерттеулері ғылыми және мәдени қауымдастық арасында зор сұранысқа ие. Конференция естеліктер айтумен жалғасты.

Күйші-композитор Мұрат Сыдықов өзінің Шөмішбай туралы естелігін айтып, ақынға арнаған өлеңін оқып, күмбірлеген күйін арнады. Мәдениет саласының үздігі Базар Қостаева Шөмішбайдың арнаған «Қайдасың сен» әнімен кеш жалғасын тапты. ҚР Журналистер Одағының мүшесі Ерғали Абдулла, «Толқын» газетінің редакторы Абай Елеш, ардагер журналист Амангелді Өткелбаев, аудандық мәдениет бөлімі, кітапханашылар, жас ақын Дархан Аманжол және сазгерлер Бекболат Сәдуакасов, Октябрь Ізбанов ақын хақындағы жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, әндерін орындап, лебіздерін арнады.

Шара соңында қатысушылар Шөмішбай Сариевтың жеке қорынан дайындалған «Салем саған туған ел» тақырыбындағы көрмені тамашалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<