Аралда ұлттық жекпе-жектен турнир басталды

476

0

«Балалар жылы» аясында Арал қаласындағы Орталық стадионда ұлттық жекпе-жек түрінен турнир басталды. Аудан әкімінің кубогы үшін өтетін жарыста жергілікті спортшылардан бөлек Қызылорда, Түркістан облыстары мен Атырау, Ақтау, Ақтөбе қалаларынан келген балалар мен жасөспірімдер бақ сынайды.

Аталмыш турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
-«Спорт – денсаулық кепілі және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің таптырмас құралы. Жекпе-жек – ұлттық рухтың жарқын үлгісі, білек пен жүректің, батылдық пен қайсарлықтың айқын белгісі. Ұлттық жекпе-жек түрі бүгінгі таңда республикамызда қарқынды дамуда. Еліміздің әр өңірінен үлкен үмітпен келген барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін» деді.

Аралда ұлттық жекпе-жектен турнир басталды

Сонымен бірге спорт саласының ардагері Қараев Ертан сөз алып, бабы мен бағы келіскен қатысушылардың жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.

Ауданда үшінші мәрте ұйымдастырылған турнирде 2013-2014, 2011-2012 жылы туылған балалар мен 2007-2008, 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер 32 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<