Қазіргі таңда көптеген дамыған елдерінің денсаулық сақтау саласында проблемаларының біріне айналып отырған күрделі мәселелердің бірі -жүрек-қан тамыры ауруларының таралуы. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Статистикалық мәліметтер бойынша жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды.
Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады екен. Ал, Арал ауданындағы жүрек –қан тамырларының таралуын ғалымдар мен жергілікті тұрғындар Арал теңізінің құрғауының нәтижесінде жергілікті халықтың денсаулығына байланысты проблемалар әкелгеніне күмән келтірмейді. Дегенмен, бұл мәселелердің осы экологиялық жағдайға қаншалықты қатысы болуы мүмкін екендігі туралы пікірталастар бар. Арал өңіріндегі адам денсаулығына әсер етуі мүмкін өзгерістердің экологиялық әсерлеріне «жер асты суларының тұздануы, қоршаған орта мен қоректік тізбектегі пестицидтер, шаңды дауылдар және ауа сапасы» теңіз құрғаған сайын ластаушы заттар жер бетіне шығып, топыраққа еніп, ауаға таралды. Бұл қоршаған ортаға әсер етуі жергілікті тұрғындардың денсаулығына кең ауқымды әсер етті.
Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай? Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиіле барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек- қан тамыры ауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның 80 пайыздан артық жағымсыз факторлары адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік, жүрек- қан тамыры ауруларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Сондықтан адамдардың дұрыс тамақтану мәдениетінің де маңызы зор. Жүрек-қан тамыры ауруларын қоздыратын тағы бір себеп – стресс, торығу, ол адамдарды жасына қарамай, жүрек талмасына ұшыратады.
Соңғы жылдары облыс экономикасының қарқынды дамудағы оң өзгерістер Арал ауданының медицина саласының өркендеуіне әсерін тигізіп, осыдан 6-7 жыл бұрын аудандағы орталық аурухана ғимараты заманға сай жабдықталып, жаңа үлгімен бой көтеруі еді. Аудан халқының көптен бергі көкейінде жүрген мәселесі шешімін тапты. Елді мекендердегі медициналық көмек беретін орындар жаңғыртылды, күрделі жөндеуден өтті, пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде ауылдық жерлер тұрғындарына да талапқа сай медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік туды.
Қазақстандағы жер көлемі жөнінен үлкен аймақты игеріп жатқан Арал ауданындағы халық саны 82 мыңнан асып, оларға дер кезінде медициналық көмек көрсету жылдан жылға күрделі мәселелер туындатқаны шындық. Батысында Ақтөбенің Шалқар, Ырғыз аудандарымен, Ұлытау облысымен 300-400 шақырым аймақтан ауруларды жеткізуде қиыншылықтар болып тұрды. Тіршілік болғасын «басы ауырып балтыры сыздамайтын» пенде жоқ. Ауыра қалсақ біріншіден, Жаратушы бір «Аллаға» сиынып, ем іздеп баратын жеріміз Қызылорда, Қазалы, Ақтөбе, Алматы, Астана қаласындағы дәрігерлерге жүгінетініміз белгілі. Ауру адамды оңалту шарасы үшін қыстың суығы мен жаздың ыстығына қарамай осы қалаларға сабылатынымыз бір басқа, әрбір аурудың ізінде бірнеше жанұя мүшесінің жүретіні тағы бар.
Ауданда аурухана жанынан ауданда дендеп тұрған жүрек қан тамырлары ауруына қажетті кардиология бөлімшесін ашу жұмыстары бірнеше мәрте қозғалып, бөлімше жұмысын бастау 2024-2025 жылдарға жоспарланған болатын. Алайда басшылыққа жаңадан келген аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев пен бұл салаға бас дәрігер болып келген Қуанышбаев Бауыржан Мұратбекұлы мәселенің оң шешімін тез тауып, аудандық аурухананың әкімшілік бөлімі орналасқан ғимаратты бөлімше жұмысын жүргізу мақсатында босатуға шешім қабылдаған. Осылайшуа әкімшілік бөлімін «А.Байтұрсынов» ауылдық емханасының бір бөлігіне көшіріп, ал бөлім ғимаратының орнына биылғы жылдың 3 мамыр күні Арал ауданындағы орталық ауруханадан 12 төсектік нейроинсульт бөлімшесі мен 25 орындық кардиология бөлімшесі ашылды. Бұл «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында жүзеге асып отырған шаралардың бір парасы. Осы бір ай уақыт аралығында кардиология бөлімінен 87 ауру ем қабылдап , 4 науқасқа стенд қоюға Қазалы қаласына жіберген. Кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Әмірешева Айнұр Есенгелдіқызымен сұхбаттасқанымызда:-Бөлімше ашылғаннан бері науқастардың сейілмегенін, бөлімшеде 7 орта буын медициналық қызметкері мен кіші буын 7 медицина қызметері жұмыс жасайтытындығынын, оның ішінде: облыстық кардиология бөлімінде қызмет етіп келген білікті дәрігер Мырзабаева Әлия Жиенбаеваның, тәжірибелі медбикелер Жиенишебаева Нұрсәуле, Нұралиева Индиралардың қалтқысыз қызмет атқарып отырғанын тілге тиек етті.
Медицинасы дамыған елдің болашағы жарқын болатыны белгілі. Өйткені медицина дамыса, елдің денсаулығы жақсарады. Халықтың өмір сүру жасы ұлғаяды, осылайша қоғам дамиды.
Кезінде халық арасында әртүрлі алыпқашпа әңгімелер болып, маман тапшылығы мен мамандардың біліктілігінің төмендігі, қажетті медициналық құралдардың тапшылығы жөнінде өсек-аяндар жүргені белгілі. Қазіргі таңда аралдықтар арасында бөлімшенің ашылғанын, әрбір науқасқа сапалы медициналық көмек қызмет көрсетілуіне ризашылықтарын білдіруде.
Халықтың ендігі бір арманы, жуық арада бөлімше үшін арнайы ғимаратты «Аралды халықаралық құтқару қоры» арқылы салып, аудан халқының мұқтаждығын туғызып тұрған антиограф және магнитті резонансты томография құрылғыларын сатып алу жүргізілсе деген ой мазалайтыны шындық. Бұл жөнінде аудандағы қоғам белсенділері қор дирекциясына өз жобаларын да ұсынды, әлі де нақтылай түсу қажет.
– Медицина саласындағы басты мақсат – Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, өскелең ұрпақтың саулығын қамтамасыз ету ісіне озық технологиялар енгізу, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.
Осы бағытта халқымыздың дені сау ұлт болып өсіп-жетілуі жолындағы ақ халатты абзал жандардың еңбегі зор дер едім.
Әсіресе кешегідей індет жайлағанда, ел басына күн туғанда, сын сағатта жауапкершіліктен қашпай, еш мойымай бар күш-жігерін елдің амандығы жолында жұмсаған да дәрігерлер қауымы болды.
Ежелгі Грек елінің ғұламасы Гиппократтың: «Дәрігер — Құдайға жақын адам» немесе «Данышпандықты іздесең — соның бәрі де медицинадан табылады» деген өсиеті медицина саласының қызметкерлері үшін басты ұстаным.
«Дәрігердің жақсысы дертіне дерт қоспағаны» дейді дана халық. Сонау сұрапыл соғыс жылдары мен мен кешегі пандемия кезінде аралдық ақ желеңділер көптің көңілінен шыға білді десек болады. Олар басы ауырып, балтыры сыздағанда арға көмек қолын созды. Ендеше бірлігі мен берекесі жарасқан Арал аудандық аурухана ұжымына 1998 жылдан бері Президент бекіткен жарлық бойынша жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтілгелі отырған төл мерекелерімен құттықтап, сәттілік пен денсаулық шығармашылық табыс тілеймін.
Болатбек Қуатов,
«Арал өлкетанушылары»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<