Аралдық спортшылар жеңіс тұғырында

576

0

Арал өңірі спорт саңлақтарына бай өлке. Жыл сайын әлемдік додаларды көк байрақты желбіретіп, ел абройын асқақтатып жүрген айдынды өлкенің перзенттері жетерлік. Аудан намысын қорғап жүрген жерлесіміз – Фараби Болатұлы осымен үшінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Үстіміздегі жылдың 26-31 қазан күндері аралығында Грузия мемлекетінің астанасы Тбилиси қаласында өткен ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары 6 алтын, 1 күміс жүлдемен оралды.

Ересектер арасында жекпе-жекке түскен Сауытбаев Фараби Әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанып, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағының нормативін орындады.

Сондай-ақ, жастар мен жасөспірімдер арасында өткен додада №14 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Ғалымжанұлы Диас, №262 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Сәдіров Ерасыл, №220 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Серікбай Бақытжан, №62 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Өтебай Мансур, №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 9 сынып оқушысы Мұхтарұлы Жансүйен, Арал индустриалдық техникалық колледжінің 1 курс студентті Кемалов Нұралы Әлем чемпионатының жеңімпаздары атанса, №262 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Әбжамиев Ернұр күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Спортшыларды әлем біріншілігіне дайындаған жаттықтырушы-бапкерлері – Сауытбаев Фараби мен Әлібеков Нұртуған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<