Аралдықтар жаңару күнін жоғары деңгейде атап өтті

138

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

19 наурыз – Жаңару күні. Бұл – табиғаттың оянуымен қатар, адам баласының да жан-дүниесі жаңғырып, жаңа мақсаттарға бет бұратын ерекше сәті. Бұл күн – кешегі өкпе-назды ұмытып, көңіл көкжиегін кеңейтіп, жүректерге мейірім шуағын себетін күн. Осы күні аудан орталығында өткен шаралардың қайсысы болсын құндылықтармен түрленіп, дәстүрлі қойылымдармен ерекшеленді.

Әдеттегі шуақты күн сәні мен салтанаты келіскен орталық алаңда «Жаңару жақсылықтың бастауы» атты қойылым және мерекелік концертпен бастау алды.

Аралдықтар жаңару күнін жоғары деңгейде атап өтті

«Наурыз – Жаңару мен жаңғырудың бастауы» аластау рәсімі, «Наурыз – Жаңару мерекесі» мерекелік концерті, «Наурыз – береке бастауы» және «Ерулік», «Тұсау кесер»атты театрландырылған қойылым, «Жаңару күні – жаңа бастамалар уақыты», «Ана көрімдігі» қойылымдары көпшілік назарына ұсынылып, рухани құндылықтар тағы бір мәрте ұлықталды.

Белгіленген киіз үйлерде кондитерлік және тұрмыстық тұтыну өнімдерінің көрмесі, мұражай және архив құжаттары таныстырылымы мен ұлттық спорт түрі – «Бес асық» және «Асық ату» ойындарынан сайыс өтті. Сонымен қатар осы күні түрлі мекемелер мен ұйымдарда әр ауқымдағы ағаш отырғызу акциялары өткізілді.

Аралдықтар жаңару күнін жоғары деңгейде атап өтті

Жаңару – бұл табиғаттың ғана емес, адам баласының да жаңғырып, жақсыға ұмтылатын сәті. Көңіл сарайын тамаша қойылымдармен түрлендіріп, мерекелік концертпен безендірген бүгінгі шараның соңы кешкілік «Әз-Наурыз – қош келдің!» атты мерекелік концертпен түйінделді. Мерекелік кеште өз өнерлерін ортаға салған Аққұм, Атанши, Қарақұм ауылдық округтеріндегі білім беру ұйымдары мен ауылдық клубының өнерпаздары жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.

Наурызнама онкүндігі аясында өтіп жатқан шаралар легі ертең де жалғасады. 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай орталық алаңда түрлі спорттық шаралармен қатар Жақсықылыш кенті мен Жіңішкеқұм ауылдық округіндегі білім беру ұйымдары мен ауылдық клуб үйінің қызметкерлерінің қатысуымен кешкілік «Наурыз-Думан» атты мерекелік концерті өтетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<