АРАНДАТУШЫЛЫҚ АЛЫСҚА АПАРМАЙДЫ

327

0

Бұдан бұрын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде хабарлағанындай, Астананың Есіл аудандық сотының шешімімен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалы­сы экстремистік ұйым деп таныл­ған болатын. Осыған орай Бас прокуратура «Қазақстанның демо­кратиялық таңдауы» атты тіркел­меген қоз­ғалыстың заң­сыз қызметін анық­тады. Қылмыстық табыс­тарды заңдастыру фактілері бойынша бірқатар еуропалық елдерде Әблязовқа қатысты тергеу жүргізілуде. Ұлыбританияда Лондон қаласының Жоғарғы сотының шешімімен Әблязов пен оның сыбайластарынан 4 млрд АҚШ доллары өндірілген.

Осыған қарамастан олар Қа­зақ­стан Республикасы Консти­туция­­сы­ның талаптарын бұзып, конс­ти­­туциялық құрылысты күш­теп өз­­гертуді насихаттау мен үгіт­теу бо­йынша заңсыз әрекетін жал­ғас­тыруда. Интернет желілері, мес­сенд­жерлер, сондай-ақ әртүрлі әлеу­­меттік топтарға парақшалар таратуда.

Бұл әрекеттер «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заң бойынша саяси экстремизм болып саналады және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс ретінде қудаланады», – делінген бұл орайда бас прокуратураның мәлімдемесінде.

Қазақстанда қазір сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес шаралары жан-жақты жүргізілуде. Ол нәти­жесіз де емес. Инфляцияны те­жеу бойынша Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан тиісті шешім­дер қабылданып жатыр. Халық­ара­­лық қаржы институт­тарының, оның ішінде халықаралық валю­та қорының болжамы бойынша Қазақстанда өсімнің болмашы дең­гейі алдағы 3-4 жылдың бедерінде сақталуы мүмкін. Бұған әлем­де болып жатқан әртүрлі жағ­дайлардың әсері бар. Осыған бай­ланысты әлемдік деңгейде орын алып отырған осындай келең­сіздіктерді пайдаланып, елді бүлінушілікке шақыруды, бірлі­гімізге сызат түсіруді көздей­тін базбір арандатушылық әрекет­тер­ден сақтануымыз қажет. Бұл орай­да ҚР Бас прокуратурасы бұл ұйымға қатысқан немесе қол­дау білдір­гендер қылмыстың жауап­кершілікке тартылатынын да ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<