Шиелі ауданының әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатов мұғалімдер күніне орай ардагер ұстаздарды қабылдап, ұстаз атты ұлы есімді абыроймен алып жүрген барша азаматтарды төл мерекесімен құттықтады.
Ең алдымен, аудан басшысы ел билеген көсемнің де, сөз бастаған шешеннің де ұстаздан тәлім алып, соқпағы көп өмірде тура жолды тапқанын, сондықтан ұстаздардың еңбегі ешқашан өшпейтіндігін айтты.
Ал, ардагер ұстаздар шәкірттері қандай да бір жетістікке жетсе, ұстазға одан артық бақыт жоқ екендігін, шәкірттерінің жетістігімен әрдайым мақтанып, марқайып жүретіндіктерін жеткізді.
Шара барысында ардагер ұстаздарға алғыс хаттар мен гүл шоқтары және естелік сыйлықтар табыс етіліп, аудан өнерпаздары әннен шашу шашты.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<