Ардагер-журналистің рухани мұрасы

315

0

Кеше Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда мемлекеттік уни­вер­­­ситетінің Студенттер сара­йында Сыр өңіріне бел­гілі жур­налист, публицист, қоғам қай­раткері Мырқы Исаев­тың  90 жылдығына арнал­ған «Мырқы Исаевтың рухани мұрасы» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Конференцияда «Иса Тоқ­тыбаев – М.Исаев зерттеу­лерін­де» тақырыбында Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценті, тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Дастанбек, «Мырқы Исаев поэзия жанрында» деген тақырыпта университет доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева, «М.Исаев – Текей батыр мұрасын алғашқы зерттеуші» тақырыбында университеттің ғылыми-зерт­теу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Ахметбек баяндама жасады.

Сондай-ақ конференцияда ардагер-журналист туралы Қазақстанның халық ақыны Надежда Лушникова, облыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Ж.Ақсақалов естелік пікірлерін білдірді.

Сол күні ардагер-журналистің ұрпақтары әке рухына арнап, жиналған жұртшылыққа ас берді.

Ж.ӘЛМАХАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<