Ардагерлер құрмет төрінде

610

0

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев «Сыр бойы» газетінің ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Ақпарат заманының талабы мен тартуы көп. Десек те болашақ журналист үшін ақпараттардың тізгінін еркін меңгеруде озық үлгі көрсетіп жүрген ел ағалары бар. Бүгінде түрлі интернет ресурстары арқылы тосассыз таралатын ақпараттарды қолымыздағы ұялы телефон арқылы да көруге болады. Біз үшін қоғам өміріндегі жылт еткен жаңалық пен ақпаратты, сараптамалық мақалалар мен публицистикалық шығармаларды газет бетінен оқу әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Сондықтан «Баспасөз – қоғам айнасы» деген сөздің әлі мәні де мағынасы да өзекті, – деді.

Шара барысында сыр журналистикасына еңбегі сіңген бірқатар ардагерлерге «Қызылорда облысының құрметті ардагері» төсбелгісі табысталды. Олардың ішінде Жолдасбек Ақсақалов, Еркін Әбіл, Кенжәлі Ерімбетов бар. Есімі елге белгілі бұл қаламгерлер ақпарат айдынында өздерінің қолтаңбасы ерек, талай жыл тер төккен жандар.

«СБ» ақпарат

Ардагерлер құрмет төрінде

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<