Ардагерлер Түркістан төрінде

519

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қазалылық 50 ардагер түркі халықтарының рухани астанасы – Түркістан қаласына саяхат жасады. Саяхаттаушылар қатарында ауданға қарасты кент, қала және барлық ауылдық округтердегі еңбек ардагерлері, көпбалалы зейнеткер аналар, білім, мәдениет салаларының ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Сапар барысында ардагерлер «Арыстан баб», «Қожа Ахмет Яссауи» кесенелеріне зиярат етіп, «Керуен сарай» кешенін аралады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов бастаған ардагерлер рухани астананың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгендерін жеткізіп, түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған аудан басшылығына алғыстарын жеткізді.

«Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, қарттарын ардақтай білген елдің ғана рухы үстем болмақ. Сондықтан да, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.

Айта кетейік, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық ардагерлер үйіне арнайы барып, қасиетті мекенді саяхаттауға жолға шыққан ардагерлерге тілектестігін білдірген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<