Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 23 маусым күні еріктілер тыл ардагері Нұрқабаева Әсемкүлдің үйіне арнайы барды. Еріктілер ардагердің қал-жағдайын сұрап, өмір жолымен танысты. Жастар кейуананың үйіне, үй шаруашылығына көмек көрсетті. Кездесу соңында ардагер алғысын айтып, батасын берді.
Ардагерлерді ардақтайық
25.06.2018
700
0





