«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»

312

0

«Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы мен облыстық жастар ре­сурс­тық орталығының ұйым­дастыруымен «Nur Оtan» партиясының «Ар­да­гер­лер­ді ардақтайық» жобасы ая­сында қамқорлық айы жарияланбақ.
 Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жас Отан» жастар қана­ты­­ның  облыстық филиал  төрағасы  Талғат Тілес және облыстық жастар ре­сурстық орталығының директоры Абылайхан Сабанбаев мәлімдеді.
«Ұрпақ тағзымы» атты қамқорлық айында Ұлы Отан соғысы, тыл және еңбек ардагерлері, жал­ғыз­басты қарттар мен мү­гедектерге жастар тарапынан барынша қамқорлық жасалмақ. Сондай-ақ, осы айда өңірімізде Ұлы Отан соғысы батырларының есімі берілген 25 көше мен 18 ескерткішке тазалау, әрлеу жұмыстары да жүргізілмек.
«Бүгіннен басталған ша­ра мамыр айының 19-на дейін жалғасады. Шара ба­рысында 30 Ұлы Отан соғысы, 240 тыл ардагеріне көмек көрсететін боламыз. Бұл шараға денсаулық және әлеуметтік саланың мамандары да қатысады. Акция аясында «Instagram», «VK» әлеуметтік желі­ле­рінде «Қаһарманмен селфи» челленджі іске асырылады. Жастар қарт майдангерлер­мен бірге суретке түсіп, әлеу­меттік желілерге жария­лайды. Облыс бойынша бұл акцияға 1500 жас қатысады» деді шараны ұйым­дас­ты­ру­шылар.
Жастарды ізгілікке, үл­кенді сыйлауға, мұқ­тажға көмек көрсетуге тәр­бие­лейтін бұл шараның мәні зор.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<