Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, ҚР Қарулы Күштернің Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшінн белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді» – деген болатын.
Әрине, Отан алдындағы антқа берік бола қана қоймай, ерлікпен жан кешкен соғыс ардагерлеріне тәуелсіз мемлекеттің әскери қызметшілері құрметпен бас иетіні сөзсіз.
Себебі, олардың қайтпас қайсарлықтары кейінгі әскери саланы таңдаған, әскери шенді иығына таққан жас сарбаздар мен офирцерлерге үлгі.
Осы бағытта, өңіріміздегі мектеп оқушыларынан бастап, орта, арнаулы оқу-орындарының студенттері және әскери қызметтегі жас буындарды Отансүйгіштікке тәрбиелеуде өзіндік мектебін қалыптастыра білген «Ауғаныстан соғысы ардагерлері» ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Баймахановтың еңбегіне, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболов әріптестері атынан ықыласын жеткізіп, арнайы алғыс хатын табыстады.
ҚІЖД Тәрбие, идеологиялық әскери-патриоттық жұмыстар және ҚР ҚК ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы майор Е.Абдуллаевтың мәліметінше,
− Сыр елінде барлығы Ауған соғысына қатысқандар саны 643. Іс-түссіз жоғалғандар саны – 5, қайтыс болғандар саны – 10. Қазіргі таңда ортамызда 597 ардагерлеріміз бар. ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан 627 ардагерге «Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 30 жыл» атты мерекелік төсбелгісі табысталды- деді ол.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Қарулы Күштері Ардагерлерінің» Республикалық қоғамдық бірлестігінің орынбасары запастағы подполковник А.Байсопақов пен «Ауғаныстан соғысы ардагерлері» ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Баймаханов алда келе жатқан ҰОС 74 жылдығына орай, ұйымдастырылатын іс-шаралар жөнінде өзара пікір алмасты.
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<