С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінде және № 7 мектеп-лицейде білім саласының ардагерлерімен кездесу өтті. Басқосуды облыстық білім саласы ардагерлер кеңесі мен қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырды.
Іс-шарада ардагерлер білім ошағының оқу үздіктері мен олимпиада, ғылыми жобалар және спорттық жарыстардың жеңімпаздарымен кездесіп, сұхбаттасты.
№7 мектеп-лицейде өткен кездесуге облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қатысты. Сала басшысы ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.
− Жемісті еңбек етіп бүгінде зейнетіп көріп отырған ардагерлермен жас мұғалімдердің, оқушылардың кездесуі ұрпақтар сабақтастығын жалғайды. Еңбегімен елге сыйлы болған әрбір ардагерді жастарға үлгі етеміз. Үлкендеріміз − ақылшы, тілеулес. Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын, дендеріңізге саулық тілеймін, − деді ол.
Жиналғандар оқушылардың, «Асыл жандар» әжелер ансамблінің концерттік бағдарламасын тамашалады. Кездесулерде облыстық білім саласы ардагерлер кеңесі мектеп директорларына Құрмет грамотасын табыстады.
Гүлбану МАҚАЖАН,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<