Ардагерлермен жүздесіп, пікір алмасты

270

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін аудандық ардагерлер үйінде аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет ардагерлермен жүздесіп, ауданның тыныс-тіршілігі мен елдегі болып жатқан ахуал жайлы пікір алмасты.

Сондай-ақ, ардагерлерге өңіріміздің өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі үлестері мен өлшеусіз еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, шынайы алғысын жеткізді.

Жиында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов елдегі жағдайды баяндап, аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жиында еңбек ардагері Ашықбай Тоғымов ауданда атқарылған игі істердің барлығына ардагерлер тарапынан қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Кездесу соңында Мейрамбек Зинабдинұлы «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» дей келе, қазыналы қарттардың ауданда атқарылған әрбір жұмыста еңбегінің зор екендігін атап өтті.

Мұнан соң аудан басшысы ардагерлермен бірге ардагерлер үйінің жұмысын көріп, құрметті ардагерлер, елге еңбегі сіңген азаматтармен қазыналы қарттардың құрметіне орай жасалған ардагерлер аллеясымен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<