«Аркан» құрылғысының құрығына түсті

745

0

Қызылорда қаласында автокөліктер көп жүретін көше бойларына жалпы саны 24 дана құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құрылғылары жұмыс істеп тұр. Құрылғының мақсаты – жол қауіпсіздігін сақтап, жол көлік оқиғасын азайту.

Жыл басынан бері «Аркан» құрылғылармен 32 579 құқық бұзушылық анықталып, 339 млн 402 мың 377 теңге айыппұл салынса, оның 268 млн 932 мың 517 теңгесі өндірілген. Бұл туралы облыстық Ішкі Істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көлік өзімдікі, көшеде де өзім білемін дейтін жүргізушілер жол ережелерін бұзғаны үшін «Аркан» құрылғысына түсіп қалған. Араларында бір қателікті бірнеше рет жасағандары да бар. Жолаушылар мен тұрғындар қауіпсіздігі үшін облыстық ішкі істер департаменті заманауи құрылғыны көптеп орналастырмақ.

«Құрылғылардың тиімділігін ескере отырып қаламызда алдағы уақытта құрылғыларды көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда»,-деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

Гүлбану МАҚАЖАН «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<