Қызылорда облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” республикалық мемлекеттік мекесінің ұйымдастыруымен қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, «Арнайы автокөлікке жол бер!» акциясы өткізілді.
Құтқарушылардың оқиға орнына жылдам жетуі аса маңызды, адам өмірін құтқарып қалу үшін әр секунд қымбат. Сондықтан автокөлік жүргізушілері жауапкершілікті сезініп, арнайы қызмет көліктеріне әрдайым жол беруіне ықпал етуі қажет.
Акцияның мақсаты – шұғыл қызметтердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге қоғамның назарын аудару. Аталмыш іс-шара барысында 3 жүргізушіге түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 1 жүргізушіге әкімшілік шара көрілді.
Қызылорда облысы ТЖД
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<