Арнаулы салық режимін қолдану талаптары өзгереді

748

0

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануы жөніндегі талаптар өзгереді.
Өзгерістер неде?
Салық кодексімен кәсіпкерлігін жүзеге асыру кезінде патентті қолдану құқығы сақталатын қызмет түрлерінің шектеулі тізбесі (32 түрі) енгізіледі.
Анықтама. сылақ жұмыстары; ағаш шеберлігі және ағаш ұстасы жұмыстары; еденге жабын төсеу және қабырғаларды қаптау жұмыстары; сырлау және шыны жұмыстары; такси қызметі; автомобиль көлігімен жүк тасымалдау; сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару; фотография саласындағы қызмет; аударма (жазбаша және ауызша) ісі; мүліктік жалдауға (жалға) беру; автокөлікті жалға алу және жалға беру; ойын-сауық және спорттық құрал-саймандарды жалдау және жалға алу; бейне жазбалар мен дискілерді жалға беру; жеке тұтынатын өзге заттарды және тұрмыстық тауарларды жалға беру және жалға алу; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру; өзге де кеңсе машиналарын және жабдықты жалға алу және жалға беру; спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыратын мамандар білімі; мәдениет саласындағы білім беру; басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге түрлері; қосалқы білім беру қызметі; өнер саласындағы қызмет; компьютерлер мен шалғай жабдықтарды жөндеу; коммуникациялық жабдықтарды жөндеу; жеке тұтынатын заттарды және тұрмыстық тауарларды жөндеу; шаштараздардың қызметтері; маникюр мен педикюр қызметтері; ветеринарлық қызмет; жер өңдеу бойынша қызметтер; тұрғын үй ғимараттарын тазалау, жинау бойынша қызметтері; базарлардағы, бекеттердегі тасушылардың қызметтері; музыкалық аспаптарды жасау және жөндеу қызметтері; үй жануарларын жайылымда бағу.
Қазіргі қолданыстағы Салық кодексінде патентті қолдануға шектеу қызметтің 12 түрі бойынша көзделген (жер қойнауын пайдалану, акцизделетін өнім өндіру, консультациялық қызметтер көрсету, қаржы және сақтандыру қызметі және т.б.).
Мұндай шектеудің негізгі мақсаты бейресми еңбек қатынастарын болдырмау және нақты табыстарды жасырмау болып табылады.
Тиісті табыстар алуда жалдамалы қызметкерлерді тартпай жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес қызмет түрлері (тәулік бойы сауда, тамақ өнімдерін сату,базарлардағы сауда және т.б.) патент қолдануымен шектелетін болады.
Табыс мөлшері және жалдамалы қызметкерлерді пайдалану бойынша шектеулерден өзге, қызмет түрлерінің тізбесін енгізу ұқсас режимдерді қолданатын ұсақ қолөнершілер бойынша халықаралық практикаға сәйкес келеді.
Енгізілген норма жалдамалы қызметкерлерді заңдастырумен көлеңкелі айналымды төмендетуге бағытталған.
Ағымдағы жылы патенттер алған 268 мың кәсіпкердің 55,7% (148 953 ЖК) сауда саласындағы қызметке келеді, оның 55% осы қызметті елордада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асырады.
Қызмет түрі рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген салық төлеушілер салық салудың көрсетілген режимдерінің біріне көшуі керек:
– оңайлатылған декларация негізінде немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимі;
– салық салудың жалпы белгіленген тәртібі.
Арнайы салық салу режиміне өту үшін не істеу қажет?
Патент режимін қолданатын дара кәсіпкерлер патенттен басқа салық режимдеріне көшу үшін салық салу режимін таңдауды анықтау және салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз тасығышта хабарлама (салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарлама) жіберу қажет.
Бұл ретте мұндай дара кәсіпкерлер хабарламаны дұрыс рәсімдеу үшін таңдалған салық салу режимін, ал себебі ретінде, күнін міндетті түрде көрсете отырып, патентті қолдану шарттарына сәйкес келмейтінін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетуі қажет. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде хабарлама ұсынылмаған жағдайда салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке автоматты түрде ауысады және бір жылға дейін басқа арнаулы салық режимдерін таңдау құқығынан айырылады.
АСР қолданудың артықшылықтары
Арнаулы салық режимдерін қолданатын және микро – немесе кіші кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын кәсіпкерлер Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеудің негізі» атты Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде табыстан салықтарды төлеуден үш жыл мерзімге босатылады.
Сонымен қатар, есеп жүргізудің және салық есептілігін ұсынудың, бухгалтерлік есеп жүргізуден босатудың оңайлатылған тәртібі сақталады.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<