Арнайы-тактикалық оқу-жаттығу

501

0

2018 жылдың 17 мамырында Қызылорда қаласындағы мәдениет және демалыс паркінде арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Онда  демалыс паркіндегі батут, карусельдер құлап, өрт болып, адам өміріне қауіп туындаған жағдайдағы авариялық-құтқару құрамаларының іс-әрекеті пысықталды.

Мақсат: демалыс паркінде төтенше жағдай орын алған кезде халықтың, авариялық-құтқару қызметтерінің, басқару органдарының, қалалық ТЖ комиссиясының, жедел кезекшілердің қызметін тексеру болды.

         Аңыз бойынша сағат 09.30-да облыстық ТЖД жедел кезекшісіне ауа райының құбылмалы болуына байланысты Қызылорда қаласындағы мәдениет және демалыс паркінде батут, карусель құлап, өрт шығып, адамдардың өміріне қауіп төнгендігі туралы ақпарат түсті.

         Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы оқиға орнына жетіп,  төңіректі шолу каруселі бір жағына қарай қисайғандығын, үстінде ата-аналарымен балалар қалып қойғандығын нақтылады. Орталық парктің оң жақ бұрышындағы батут төңкерілген, куәгерлердің айтуынша батутта бала қалып қойған. Сонымен қатар этноауыл аумағында кәуап пісіретін мангалдан шоқ ұшып, киіз  үйге түсіп, киіз үйді өрт шалған. Оның ішінде де адамдар бар. 

         Төтенше жағдай аймағын Қызылорда облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті сақтау тобы қоршауға алды. Төтенше жағдай аймағында жүріп-тұруға шектеу қойылып, автокөлік қозғалысы реттелді. Газ авариялық-техникалық буыны мен электр жүйесі авариялық-техникалық буыны төтенше жағдай аймағындағы газ жүйесі мен электр желісін ажыратты. Ақпарат қызметі халық арасында дүрбелең тудырмау үшін оқиға барысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялады. Одан соң тұрғындар құтқарылып, балалар ата-аналарына, зардап шеккендері дәрігерге және психологқа табысталды.

         Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі үлкен карусельде қалып қойған адамдарды құтқаруға автосатыны пайдаланды. Киіз үйде болған өртті сөндіріп, ішіндегі адамдарды құтқарды. Штаб жұмысын ұйымдастырды.   Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы төңкерілген батут арасынан балаларды құтқарды. Өрт автосатысы арқылы өрт сөндірушілермен бірге жоғарыда қалған адамдарды құтқарды.

         Жедел медициналық көмек көрсету бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығы төтенше жағдай аймағында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

         Соңында команда басшылары штабқа өздеріне жүктелген міндетті орындағаны туралы баяндады.

         Оқу-жаттығуға газ жүйесіндегі авариялық-техникалық буыны, электр жүйесіндегі авариялық-техникалық буыны, өртке қарсы қызмет, қоғамдық тәртіпті сақтау тобы, құтқару тобы, медициналық көмек бөлімшесі, жедел медициналық көмек көрсету бригадасынан барлығы 45 адам, 12 техника қатыстырылды.

Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<