Арсен Жақанбаев Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

484

0

Фото: Үкімет

ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Арсен Арманұлы Жақанбаев Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Kazinform Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Аймақтық-гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» мемлекеттік мекемесінде маман болып бастаған.

2012-2013 жылдары — «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалында инженер-жобалаушы.

2013-2014 жылдары — Қарағанды қ. «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РМК-де жетекші маман.

2014-2017 жылдары — ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (кейіннен Ауыл шаруашылығы министрлігі) Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы.

2017-2018 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және МЖӘ дамыту департаменті басқармасының бас сарапшысы.

2018 жылы — ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің топтық су құбырларын дамыту басқармасының басшысы.

2019 жылы — ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы.

2020-2021 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасы басшысы.

2021-2023 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры.

2023 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаментінің директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<