Арулар – ардақтылар, аяулылар

639

0

Бүгін аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Арулар- аяулылар, ардақтылар» мерекелік салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шараға Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдейсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева және білім саласының құрметті ардагерлері қатысты.

Аталған іс-шара аясында алғы сөз алған қонақтар ардақты аналар мен қыз-келіншектерді төл мерекелерімен құттықтап, ыстық ықыласын білдіре отырып, әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары екендігін және бүгінгі Ұстаз-Аналар жүректеріндегі мейірім-шапағатын өз балаларымен бірге өзгенің балаларына төге білген, шәкірттерінің қоғамның мүшесі болуы үшін күні-түні еңбек етіп, бар уақытын аямаған аяулы жандар екендігін ерекше атап өтті.

Салтанатты іс-шара барысында білім саласының ардақты ардагерлеріне Қармақшы ауданы әкімінің құттықтауы табыс етіліп, жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздарға облыстық білім басқармасының, облыстық білім саласының кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен, мерекелік сыйлықтары табыс етілді.

Іс-шара арнайы концерттік бағдарламаға жалғасып, аудандық білім өнерпаздарының мерекелік кешіне ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<