Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Нәтижесінде ең арзан өнімдерді қала мен аудандардағы мына сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
Қызылорда. «Дәмді» әлеуметтік дүкенінде нан – 45, күріш – 200, қарақұмық жармасы – 125, макарон – 110-140, сары май – 450, өсімдік майы – 310, шай (250 грамм) – 560, жұмыртқа – 17, картоп – 90, сиыр еті – 1250, қант – 220, тауық еті – 560-630 теңгеден.
«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 85-90, пияз – 65-70, сәбіз – 150-155, қырыққабат – 60-65 теңгеден сатылуда.
Арал. Арал қаласының «Алтай» базарының жанындағы жеке кәсіпкер С.Саяновтың «Қуантқан» дүкенінде картоп – 90, жуа – 80, сәбіз – 150-160, қырыққабат – 80, жұмыртқа – 14-17, күріш – 165, қарақұмық жармасы – 110, өсімдік майы – 320 теңгеден, ал, кәсіпкер Г.Исмайлованың «Әли» дүкенінде картоп – 75-100, пияз – 70-80, қырыққабат – 70, жұмыртқа – 11-17, күріш – 160-170 теңгеден сатылуда.
Қазалы. «Арзан» көтерме сауда үйінде І сортты бидай ұны – 82, өсімдік майы – 290-310, картоп – 60-80, қырыққабат – 60, жуа – 70, рожки – 125 теңгеден сатылса, «Нұр-Дәулет» әлеуметтік дүкенінде 1 сұрыпты ұн – 80, қант – 210, күріш – 160, макарон – 125, қарақұмық – 100, өсімдік майы – 320, сүт 2,5 пайыз майлылықта – 200, картоп – 65, ұнтақ жармасы – 120, қырыққабат – 80, сәбіз – 70-130, жұмыртқа – 16, сарымай – 400 теңгеден саудаға шығарылуда.
«Фея Перизат» сауда орнында өсімдік майы – 300, арпа – 100, картоп – 80, пияз – 70, қырыққабат – 70, жұмыртқа – 16 теңгеден сатылуда.
Қармақшы. «Сұлтан» сауда орталығы, «Орда» көтерме сауда орталығы және «Жандос» дүкендерінде ұн 1 сорт – 85, нан – 55, өсімдік майы – 300-320, тауық еті – 600, жұмыртқа – 18, картоп – 100, жуа – 70-80, сәбіз – 120-130, қырыққабат – 90-100 теңгеден, сатылуда. «Таңсықбай», «Бибінұр» базарларында ұн 1 сорт – 87, нан – 55, өсімдік майы – 310-330, ет – 1400, тауық еті – 600, жұмыртқа – 19-21, картоп – 100-120, жуа – 80-90, сәбіз – 130, қырыққабат – 90-100 теңгеден сатылуда.
Жалағаш. «Бәйтерек», «Жібек» базарларында картоп – 100, пияз – 80, сәбіз – 130, қырыққабат – 100, сиыр еті – 1400, «Ақниет» дүкенінде І сұрыпты бидай ұны – 80, нан – 46, өсімдік майы – 325, тауық еті – 550, жұмыртқа – 15, картоп – 100, пияз – 80, сәбіз – 130, қырыққабат – 100 теңге. «Әзиза» әлеуметтік дүкенінде ұн 1 сортты – 86, өсімдік майы – 325, картоп – 100, пияз – 80, сәбіз – 130, қырыққабат – 100 теңгеден сатылуда.
Сырдария. «Өркен» және «Серікбол» дүкендерінде І сортты бидай ұны – 87-88, нан – 55, өсімдік майы – 330, картоп – 90-100, пияз – 75-80, сәбіз – 100-120, қырыққабат – 60-110, жұмыртқа – 15-16, тауық еті – 560-650, қант-құмшекер – 200-220 теңгеден сатылуда. «Бақытжан», «Нұр» және «Нұрай» дүкендерінде нан – 55, өсімдік майы – 350, картоп – 130, пияз – 90, сәбіз – 130, қырыққабат – 120, жұмыртқа – 16-17, тауық еті – 650, қант – 220-230 теңгеден сатылуда. «Коммуналдық» базарында ұн 1 сұрыпты – 87, нан – 55, өсімдік майы – 350, картоп – 130, пияз – 90, сәбіз – 130, қырыққабат – 120, жұмыртқа – 16, тауық еті – 650, қант – 220 теңгеден тұтынушыға ұсынылуда.
Шиелі. «Ә.Шорабаев» базарында І сортты бидай ұны – 80-94, өсімдік майы – 310-370, ет – 1350, тауық еті – 500-600, жұмыртқа – 15-17, картоп – 70-100, пияз – 65-90, сәбіз – 120-150, қырыққабат – 60-90, қант – 200-220, тұз, – 40 теңгеден алуыңызға болады.
Жаңақорған. «Нұр» базарында және «Мағжан», «Заңғар», «Сырдария», «Кәусар», «Нұрәділ» және «Нұрасыл» дүкендерінде ұн 1 сорт – 86-96, нан – 50-70, өсімдік майы – 310-390, ет – 1400, тауық еті – 580-630, жұмыртқа – 14-17, картоп – 100-110, пияз – 75-90, сәбіз – 80-110, қырыққабат – 100-110 теңгеден сатылуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<