5 тамыз – Медиация күні аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Бітім» медиация орталығымен бірлесіп, медиация тәсілі арқылы дауларды шешуді түсіндіру мақсатында «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырады.
Акция 5 тамыз сағат 10.00-17.00 аралығында Достық үйінде (Қызылорда қ., Ы. Жақаев көшесі № 24) өткізіледі. Шара барысында кәсіби және қоғамдық медиаторлар келесі мәселелер бойынша ақысыз негізде кеңестер беріп, медиациялық келісім әзірлейді:
Отбасы-неке дауы;
Әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер;
Меншіктік, жер, жылжымайтын мүлікке қатысты дау;
Банктер, микроқаржылық және коллекторлық ұйымдармен дау;
Еңбек, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дау;
Қызмет көрсету саласында, сапаға қатысты дау;
Өзге де даулы мәселелер.
Дауды шешу бойынша кеңес алу үшін Достық үйіне келіп, медиаторларға қажетті сұрақтарыңызды қою жеткілікті.
Медиациялық келісім қажет болған жағдайда дауласушы тараптар жеке куәлігімен медиаторға келуі қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін 8/7242/ 700214, 87774517770 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<