«Медиация күні» қарсаңында және «Медиация туралы» ҚР Заңының қолданысқа енгеніне 7 жыл толуына байланысты «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп, қалалық ішкі саясат бөлімінің жобасы аясында медиация саласы бойынша кеңес беру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді.
Шарада «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Ибраев Уалихан Серікұлы алғы сөз сөйледі.
«Елімізде медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастар 2011 жылғы 5 тамызда күшіне енген «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Өткен жылдардың іс тәжірибесі негізінде осы күн «Медиация күні» мәртебесін иеленді».
2018 жылғы 27 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізді, соның нәтижесінде Ассамблея қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуші медиацияны дамытуға ықпал етудің тетігіне айналды», – деп У.Ибраев өз сөзінде ерекше атап көрсетті.
Сондай-ақ, №2 Қызылорда қалалық сот судьясы Жакеева Жұлдыз Жақсыбайқызы және «Бітім» медиация орталығы» ҚБ төрайымы Бақтыбаева Ләззат Шайзадақызы сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.
Аталмыш шарада даулы мәселелерде тараптарды өзара келістіру мақсатында «Бітім» медиация орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторлары келушілерге құқықтық кеңестерін берді. Шара қатысушылары медиация тақырыбында сауалнамалар толтырды.
Достық үйінде 2016 жылдың 31 наурызында ашылып және сол күні 11 жақты өзара ықпалдасу жөніндегі меморандумға қол қойылған медиация кабинеті жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда облыс көлемінде 57 кәсіби және 615 кәсіби емес медиаторлар тіркелген.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
ассамблеясының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<