Ашық есік күні өтті

752

0

«Бизнеске арналған үкімет» КММ ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлікті қаржыландыру саласындағы мекемелер өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлер бизнестегі шешімін таппай, толғандырып жүрген мәселелері мен мемлекеттік атқарушы органдардан туындайтын кедергілер бойынша сауалдарына жауап алды.

Ашық есік күніне облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Аграрлық несие корпорациясы», өңірлік инвестиция орталығы басқа да салалық мекемелердің жауапты қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ұйымдастырушылар кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<