Аспайдан су асты, Қамбаш пен Ақшатауға су баруда

1415

0

Соңғы жылдары Ақшатау, Қамыстыбас көлдер жүйесіне дария суының түспеуі сол маңайдағы жайылымдық, шабындық жерлердің жағдайына кері әсерін тиігізгені белгілі. Аталған мəселені оңтайлы шешу, Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйесін суландыру арқылы қысқы мал азығына қажетті шөп дайындау мақсатында шабындық алқаптың көлемін арттыру бағытында шешім қабылданды. Осы ретте «Аспай» суағытқысын қайта іске қосу, «Бұрмақұлақ» арнасын бөгеу жұмыстарының қажеттілігі анықталып, тиісті жұмыстар жүзеге асырылды. Нəтижесінде көлдерді суландыруға қол жеткізілді.

Атап өту қажет, дария суын бөгеу жұмыстары облыстық бюджет есебінен жүргізілсе, «Аспай» суағытқысын жөндеу жұмыстары жерлесіміз Болат Өтемұратов қорының көмек қаржысы арқылы жүзеге асырылды.

Жалпы 1974 жылы асарлатып салынған «Аспай» суағытқысы бойынша Сырдария өзенінің суын 58-ші деңгейге дейін көтеру мүмкіндігі бар. Қамбаш және Ақшатау көлдеріне 56-шы деңгейде каналдарға су түсе бастайды. Ал, Ақлақ су тоспасы тек 52-ші деңгейге дейін суды көтеруге есептелген.

Қазіргі таңда Бұрмақұлақ учаскесінің Сырдария арнасында су деңгейі көтеріліп, Қамбаш және Ақшатау көлдер жүйесінен бөлек каналдар да су ала бастады. Бұған қоса Аспай суағытқысынан су асып, оң жақ қашыртқы каналы арқылы төменге яғни, Кіші Арал теңізіне су құйылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<