Асқарбек Есжанов – Жалағаш ауданының әкімі

1643

0

Асқарбек Темірбекұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі», Қызылорда гуманитарлық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда экология және құқық колледжінде оқытушы болып бастаған.

Мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары облыс әкімі аппаратында бөлім басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы, Қызылорда қалалық мәслихат аппаратының басшысы, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болған.

2021 жылдан бастап осы кезге дейін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<