Астана жедел жәрдем стансасының басшысы ұсталды – Антикор

528

0

Фото: 103.astana.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет астаналық жедел жәрдем стансасының басшысы ұсталғанын растады, деп хабарлайды Kazinform.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК басшысы Мұрат Оразбаевты ұстаған.

«Қалған мәлімет ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды» деп мәлімдеді агенттіктен.

Мұрат Оразбаев 1976 жылы 9 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының хирургия бойынша дәрігерлерді жетілдіру факультет интернатурасын бітірді. Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық орталық ауруханасының дәрігер-хирург болып бастады.

2011 жылы аурухана басқарудағы іскерлік әкімшілік магистрі академиялық дәрежесі берілді (MD MBA).

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы-дәрігердің, токсиколог — дәрігердің жоғары біліктілік санаты және анестезиолог-реаниматолог-дәрігердің сертификаты бар.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жедел жәрдемнің үздік қызметкері» белгілерімен марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<