Алдағы 16-17 қыркүйек күндері Астана қаласының 25 жылдығына орай елордада Қызылорда облысы тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңке ұйымдастырылады.
Кеше «Алтын қамба» қоймасы алаңынан ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты.
Арқа төріндегі қала тұрғындарына 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.
Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы көрме ұйымдастырылады. Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елі өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады.
Жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр диқандары мен тауарөндірушілері 40 жүк көлігімен 160 млн теңгенің 450 тоннадан астам өнімдерін тұрғындарға ұсынады.
Атап айтқанда, 130 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 230 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдері жөнелтілді.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<