Астанада «Жұлдызай» және «Аяулым» қаржы пирамидаларына қатысты сот үкімі шықты

237

0

Күдіктілер өздерін әлеуметтік желіде табысты кәсіпкер ретінде таныстырып, азаматтарға тендерге қатысу арқылы тез табыс табу жолын ұсынған деп хабарлайды Syrboyi.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, инвестицияның ең төменгі сомасы 1 млн теңгеден басталып, 40 күн ішінде ұсынылған табыс 90%-дан асқан. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 млн теңгеден асты.

Сонымен қатар, күдіктілердің бірі салымшылардың қаражатына елорданың премиум санатындағы құны 69,5 млн теңге тұратын пәтер сатып алып, оны басқа адамның атына ресімдеген. Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушілерге 72 млн теңге көлемінде шығынды өтеді.

Сот үкімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («Қаржы пирамидасын құру және басқару»), ал күдіктілердің бірі қосымша ҚР ҚК 218-бабы 1-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру») бойынша кінәлі деп танылды.

Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған пәтер мен автотұрақ тәркіленіп, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<