Ақсуатта айрықша жылыжай бар

286

0

Бүгінде қай салада болмасын цифрландыру жобасы жүзеге асуда. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен әсерін тигізбек. Цифрландыру мүмкіндігімен Қызылорда қаласы іргесіндегі Ақ­суат ауылында жылыжай салынуда. Автоматтандырылған жоғары технологиялық жылыжай кешенінің құрылысын «ҚазАгроМир» ЖШС жүргізуде. Испаниялық мамандардың қатысуымен жүзеге асқан жоба биыл аяқталмақ.

Аумағы 2,2 гектар жерді алып жатқан жылыжай  «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 1 млрд 129 млн теңгеге жабдықталуда. Жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланған жылыжай кешені 30-35 адамды жұмыспен қамтымақ.

Жылыжай жайын ауыл әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаевтан сұраған едік.

– Мұндай жылыжай елімізде санаулы ғана. Түгелдей автоматтандырылған, жаңа технологиямен жабдықталған. Жылыжай іске қосылғанда жыл он екі ай өнім береді. Жылыжай өнімі қала, ауылдарды көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етеді деп ойлаймыз. Бұл – ауыл халқы үшін жұмыс көзі, – дейді ол.

 

«СБ» ақпарат.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<