Ғасыр тойын тойлады

401

0

Ғасыр тойын тойлады «Мұрагер» мектебіне – 100 жыл. Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма-театрында білім ошағының мерейтойына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, қала әкімінің орынбасары М.Қазбекова, сондай-ақ, ұстаздар қауымы мен оқушылар, мектеп түлектері қатысты.

Шарада бірқатар ұстаздар респуб­ли­калық, облыстық дәрежедегі жоғары марапат төрінен көрінсе, бірнеше ұстаз қала әкімінің атынан Нұр-Сұлтан қаласына демалыс жолдамасына ие болды.

«Мұрагер» мектебінде 4 мыңнан астам шәкірт білім алады. Оларға 450-ге жуық мұғалім дәріс береді. Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары да бар. Соңғы 10 жыл ішінде білім ошағы ҰБТ нәтижесімен елдегі «Ең үздік 100 мектептің» қатарына енді. Сондай-ақ, «ХХІ ғасырға лайық Ең үздік инновациялық мектеп», «Білім алтын қазынасы», «Үздік білім ордасы», «Білім бәйтерегі»,  «Рухани мұра мектебі» номинацияларын иеленген.

Салтанатты шарада мектеп ұжымы мен оқушылардың өнері тамашаланды. Ардагер ұстаздар ұлықталып, мектеп тарихынан сыр шертер көрме жасақталды.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<