Ата-аналармен өткен тренинг

634

0

Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.

Осы мақсатты қамтыған«Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында Талсуат ауылындағы №178 мектебінің 3«ә» сыныбында ата-аналарға арналған тренинг өтті.

Тренингті сынып жетекшісі Айтбаева Айгерім Анарбайқызы жүргізді. Алдымен ата–аналармен амандасып, тренинтің мақсатын түсіндіріп өтті.


Тренинг барысында отбасындағы тәрбие баланың жеке тұлға болып қалыптасуы, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру ата -анасына тікелей байланысты.

Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен мектеп,ұстаз болып бірлесе жұмыс жасауымыз керек деді Айгерім Анарбайқызы.


Тренинг барысында ата-аналар топтарына бөлініп,түрлі жаттығулар жасалды. Тренинг соңында ата-аналар кері байланыс ретінде өз әсерлерімен бөлісіп, осындай кездесулер жиі болып тұруына ұсыныс білдірді.

Тренингтің ең қызықты сәті өз балаларымыздың көзі мен тілек жазылған бес саусағын табу қиындау болды.Барлық баланың жазулары бірдей сияқты. Барлық қатысушы аналар белсенділік танытты.

Білім ордасына,ұстаздарға, білім алушы оқушыларға игі тілегімізді жеткіздік. Алдағы уақытта осындай форматтағы тренингтен қалмауға тырысамыз» – деді ата -ана Данагүл Жеңісқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<