Ата заң – тәуелсіздіктің сенімді тірегі

304

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен 30 тамыз – Конституция күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық сот төрағасы Руслан Алдамбергенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы көпшілікті Конституция күнімен құттықтап, Ата Заң – елдіктің негізі, егемендіктің нышаны екенін айтып өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ата Заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі» деді. Сондықтан басты құжат ел бірлігі және адамның ары мен абыройының сақталуын негіздейді. Жалпыұлттық референдум арқылы жаңартылған Конституциямыз ұлтты біріктірудің нағыз символына айналды. Сондай-ақ, негізгі заңымыз елдің саяси жүйесін демократияландыруды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін ауқымды өзгерістердің берік тұғыры саналады. Егемендікке қол жеткізген 35 жылға жуық уақыт ішінде қасиетті Сыр елі, оның ішінде құт қонған Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық бет-бейнесі қалыптасып, өрлеу мен өркендеуге бет бұрды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен мемлекеттік бағдарламалар аясында аймағымызда жоспарланған ауқымды шаралар жүзеге асырылып, тұрақты өсім қалыптасты. Бірлігі жарасқан аудан халқының игілігі үшін ауданымызды әлеуметтік-экономикалық дамыту жұмыстары тұрақты жалғасын таба береді. Ең бастысы, өміршең істердің бастауында біздің Ата Заңымыз және Заңға бағынатын, тәртіпке бас иетін халқымыз тұрғанын атап өтуіміз қажет. Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Ата Заңымыз бен бірлігіміз нығая берсін, – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Ата Заң құрметіне орай өткізілген іс-шарада заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында ауданда еселі еңбек етіп жүрген сала үздіктері облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Мерекеге орай аудан көркемөнерпаздары патриоттық әндер айтып, көпшілікке ерекше рух сыйлады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<