«Атамекен» балалар ауылына барып, тәрбиеленушілерді мерекелерімен құттықтады

662

0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, ондағы тәрбиеленушілерді Халықаралық балалар күні мерекесімен құттықтады.

Мұнда бүгінде 7 отбасы, 65 бала тұрады. Аймақ басшысының орынбасары ең алдымен балалар ауылының жетістіктер көрмесі мен олардың «Hand made» және «Needlework» қолөнер, тігін, «Жас сәулетшілер» және «Art studio» сурет салу үйірмелеріндегі жұмыстарының көрмесін тамашалады. Мұнан соң, аулада балалардың өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі өткізілді.

Мереке аясында ұйымдастырылған шарада Нұрымбет Аманұлы балалар ауылының барлық оқушысына Алматы қаласына «Көлсай-Шарын-Қайыңды» бағыты бойынша саяхаттау турына сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Жандос Базартай биылғы мектеп бітіруші төрт түлекке жоғары оқу орнында тегін білім алуға арналған білім гранттарының сертификатын табыс етті.

Бөбек-бүлдіршіндер мен бал тілді сәбилеріміздің төл мерекесінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ізімбетов, облыстық, қалалық мекемелердің басшылары, білім ордаларының басшылары мен мұнай компанияларының өкілдері және өңіріміздің кәсіпкерлері мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, бүгін аймақ басшысы «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына мектепке қатынайтын жайлы автобус кілтін табыстады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<