Атқарушылық іс жүргізу мәселелері туралы

490

0

Атқарушылық іс жүргізу мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 24 мамыр 2018 жылғы Заңымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының   Заңының 119-бабы 4-бөлігіне  толықтырулар енгізілді.
Заңның 37-бабының 4-тармағында сот орындаушысы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл жөнінде қаулы шығарады, оны борышкерге жібереді.
Бұл ретте, жеке сот орындаушысы өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады, осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Сонымен қатар, Заңның 3-тармағында осы Заңда көзделмеген өзге де мерзімдер өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасында жазбаша нысанда көрсетілуі мүмкін.
Атап айтқанда, осы бөліктің 2-тармағына сәйкес аванс беру шарттары осы Заңның 37-бабының 4-тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы мен өндіріп алушы арасында жасалатын келісім (шарт) негізінде аванстық жарнаның мөлшері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Сонымен қатар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өндiрiп алушы атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылатын аванс жарнасын тиiстi шығыстарды жасау үшiн жеткiлiктi мөлшерде аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына төлеуге құқылы.
Ж.Махамбетова,
Қызылорда облысының Әділет департаментінің бас маманы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<