Атқарушылық жазбаларды жасаудың тәртібі

800

0

Фото: ашық дереккөз

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді. Заңдағы жаңашылдық-нотариустарға атқарушылық жазбалар жасау құқығын беру болды. Бүгінгі қоғамда нотариустың атқарушылық жазбаны жасауына сұраныс бар, бұл өз кезегінде мәжбүрлеп орындау рәсімін айтарлықтай жеңілдетеді.

Қазіргі таңда атқарушылық жазбаларын жасау тәжірбиесі қалыптасты, оның жасалуын реттейтін нормаларды іске асырудағы тиімді жақтары мен проблемалары анықталды.

Қызылорда облысы бойынша нотариустармен жасалатын атқарушылық жазбалар жылдан жылға көбейіп келуде. Бұл деректер даусыз берешектерді өндіріп алудың осындай тәсілінің тиімділігі және оның қоғамдағы қажеттілігін көрсетеді.

Нотариустардың атқарушылық жазбаларын жасауы азаматтық құқықтық қатынастардың негізгі қағидаты – адалдықпен келісіледі, азаматтар мен заңды тұлғалар оларға тиесілі құқықтарды адал, ақылға қонымды және әділ жүзеге асыруына әрекет етуін көрсетеді.

Атқарушылық жазба институты даусыз сипаттағы талаптарды тез және тиімді шешуді қамтамасыз етуге қабілетті маңызды құқықтық құралдардың бірі болып табылады.

Атқарушылық жазба Қазақстан Республикасының Конституциясына және онда белгіленген меншік құқығын қорғау принциптеріне қайшы келмейді.

Бұдан басқа, атқарушылық жазба меншік құқығын қорғаудың халықаралық-құқықтық тәсілдеріне сәйкес келеді және соттарды даусыз сипаттағы істерден босату үрдісіне сәйкес келеді.

Нотариустың атқарушылық жазбаны жасауы сот жүйесінің органдарының жұмысымен алмастырылмайды, алайда даусыз талаптарды шешу процесін жеңілдетеді және жеделдетеді. Бұл ретте нотариустың қол жетімділігі және өндіріп алушының кез келген нотариусқа атқарушылық жазба жасау үшін жүгіну құқығы, сондай-ақ қаржылық шығындарды және атқарушылық жазбаны жасау мерзімдерін қысқарту негізгі артықшылық болып табылады.

Қолданыстағы нотариат туралы заңнама талаптарына сәйкес,  борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасайды.

Атқарушылық жазба негізінде мынадай даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізіледі:

Атқарушылық жазбаегер ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушы алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін растаса, егер талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт өтсе, жасалады.

Егер атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі белгіленсе, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.

Соңғы енгізілген өзгерістерге сәйкес, атқарушылық жазба, Заңда көзделген жағдайларда, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.

Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.

Атқарушылық жазбаны ұсыну үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге оның көшірмесін табыс етеді немесе жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді.

Егер атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкергетараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына, соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса,  жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.

Хабарлама адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.

Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.

Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.

Атқарушылық жазбаның көшірмесін. борышкерге табыс ету туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспеген жағдайда, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны береді не оның өтініші бойынша оны тиісті әділет органына не аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына немесе өндіріп алушы таңдаған жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.

Өндіріп алушыға берілген немесе жіберілген атқарушылық жазбаның көшірмесі нотариус жүргізетін істе қалады.

Нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.

Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.

Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының көшірмесі шығарылған күнінен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей, өндіріп алушыға, борышкерге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.

Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Осылайша нотариустардың атқарушылық жазбаларды жасауы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау барысындағы іс-әрекеттерді жеңілдетеді.

А.ҚОСБЕРГЕНОВА,

облыстық әділет

департаментінің бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<