Атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар пысықталды

1519

0

Биыл Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде атқарылатын жұмыстардың көлемі ауқымды және міндеттері де аз емес.

Бірінші кезектегі міндет тұрғындардың ұсыныстары мен атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы орындалуы. Осы орайда, аудан әкімі Б. Сәрменбаев жауапты мамандармен атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Бүгінгі күні Тереңөзек кенті, Айтбай арық көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталған. Аталған көшені жөндеу жұмыстары «Әлем қызмет group» ЖШС арқылы жүргізілуде.

2022 жылы басталған И.Тоқтыбаев көшесін орташа жөндеу, оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы мен темір бетонды лоток орнату жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған. Мердігер мекеме «Бауыржан Құрылыс» ЖШС-і. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан түскен өтініштердің негізінде А.Тоқмағанбетов көшесі бойындағы «Қаракөл» каналына жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпір салынады.

Осы орайда, кентішілік атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысып шыққан аудан басшысы жауапты сала мамандарына мемлекет тарапынан бөлініп отырған қаржыны тиісінше игеріп, ел игілігіне бағытталған жұмыстардың сапалы және уақытылы орындалуын міндеттеді.

Атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар пысықталды
Атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар пысықталды
Атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар пысықталды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<