Атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сараланды

343

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгінгі өткен брифингте қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Пакуатдин Шамұратов 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 15 млрд. 86 млн. теңгені құрады. 9079 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егіліп, негізгі дақыл күріштің 4 136 гектарынан 20 680 тонна өнім алынды. Ал, мал шаруашылығы бойынша, 2 566,1 тонна ет, 5473,3 тонна сүт, 689,8 мың дана жұмыртқа өндірілді. Қала тұрғындарын көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қарауылтөбе ауылдық округінен 10 гектар егістік жер бөлініп, қызығушылық танытқан 100-ге жуық тұрғын бау-бақша дақылдарын егумен айналысты. Сондай-ақ, қашыртқылар, каналдарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары бойынша ішкі су жолдарынан 54 300 текше метр топырақ шығарылып, 4 дана гидробекеттер, 2 дана су құрылыстары жөндеуден өткізілді.

– Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша 70 886 азамат жер кезектілігіне тіркелген. 2005 жылы кезектілікте 11 163 азамат тіркелген болса, оның ішінде қалған 2 428 азаматқа жер учаскелерін табыстау жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған (игерілмеген) кәсіпкерлік мақсатында 194 жер учаскесі, мемлекеттік жерді заңсыз иеленіп, артық қоршау жүргізген 72 меншік иесі Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Аталған бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады, – деді бөлім басшысы Пакуатдин Сыражадинұлы.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 2 029,5 гектарды құрайтын 16 жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Биылғы жылы аталған жұмыстардың жалғасы ретінде көлемі 752,0 га құрайтын 6 жер мемлекеттің жер қорына қайтарылған. Сонымен қатар, жайылымдық мақсатында игерілмеген 894 жер учаскесінің пайдалануына жүргізілген мониторинг нәтижесімен көлемі 75 437,72 гектарды құрайтын 744 жер учаскесіне мал басы тіркелді. Қалған 150 жер учаскесі бойынша меншік иелерін нақтылау, мал басын тіркету жұмыстары жалғасуда.

Дильназ Темірғали,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<