Атқарылған жұмыстарды баяндады

390

0

Сурет Қармақшы ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасы

Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы ағымдағы жылдың 10 айындағы қаржы, кәсіпкерлік, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының жұмыс барысы мен атқарылуы туралы дербес бөлім басшыларының есебін тыңдады.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ниматулла Жанар Абайқызы күн тәртібіне сәйкес республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің игерілуі, есепті кезеңге нысандар бойынша қаралған қаржылар туралы талдау жасады.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өмірзақов Біржан Мүтәлұлы жалпы кәсіпкерліктің жағдайы туралы және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, инвестициялық жобалар мен туризмді дамыту бойынша жасалып жатқан жұмыстарды баяндап, кәсіпкерлік саласындағы макроэкономикалық көрсеткіштер жыл басынан бері жоғары деңгейде екендігін көрсетті.Аудандық білім бөлімінің басшысы Әбдазиева Гүлзира Мәжитқызы аудандағы білім саласының жыл басынан бергі жеткен жетістіктері мен саладағы оң өзгерістерді айтып өтті.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ақжігітов Ғалымжан Амангелдіұлы саладағы есепті кезеңдегі атқарылған ауқымды жұмыстар мен жұмыспен қамту бойынша жасалған жұмыстарды баяндады.

Жандос Еркінбекұлы көрсеткіштер жоғары екен деп тоқайрамай, бөлім басшыларына заң аясында барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып жұмыс жасауды және ай сайынғы тұрақты қадағалау мен қаржыны жүйелі жоспарлау арқасында экономикалық өсім қалыптасқандығын айтты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<