Атқарылған жұмыстардың есебін берді

382

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 2023 жылдың 9 айда арқарған жұмысы қорытындыланды. Жедел кеңеске №60 мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы, 5547 әскери бөлімінің жеке атқыш рота командирінің орынбасары Е.Сатыбалды, «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры С.Кенжебеков, 5-ші басқарманың жедел уәкілі Р.Болғынбаев, №3 қалалық емхана директорының орынбасары Л.Кенжебековна, №9 Кәсіптік колледж директоры А.Ертелеуов, №6 Кәсіптік колледж директоры А.Досмаханова, №7 Кәсіптік колледж директоры Б.Кенбаев пен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Жиынды департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы ашып, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбек Тұрарбекұлы 2023 жылдың 9 айында әр бөлімнің атқарған жұмысы жөнінде баяндама жасады.

Жиын барысында департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы физикалық, арнайы құралдар, атыс және басқа да қаруды қолдану тәсілдерінің қағидаларын пысықтауды, үздіксіз бейнебақылау жұмыстарына, қызметкерлердің бейнетіркегіштерді міндетті пайдалануына және сотталғандардың электрондық өтініштерін беру үшін терминалдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы айтып өтті.

Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы мекемеде өткен жылмен салыстырмалы түрде ауқымды жұмыстар жүргізілгенін атап өтіп, сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында мекемеге кәсіпкерлер тарту жөнінде тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<