АТТ мүшелері кездесті

658

0

ФОТО

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ақпараттық түсіндіру тобы кездесу өткізді. Кездесуге АТТ мүшелері «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Даулет Омаров, бөлім басшысы Мұхтар Ибраев, аға сарапшысы Жанар Дармағанбетова, «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының HR дамыту басқармасының басшысы Мейірбек Әбутәліпұлы және қызметкерлер қатысты.

Кездесуде топ мүшелері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатын негізге ала отырып, дамудың даңғыл жолына түсудегі тұрақтылықтың маңыздылығына тоқталып өтті.

Сонымен бірге бірлік пен келісімге қарсы бағытталған арандатушылық, қоғамдағы өзекті мәселелер, тілдік экстремизм, мемлекеттік тілді дамыту, жалған патриотизм, әлеуметтік желідегі тілді пайдалану мәдениеттілігі, ана тілге деген құрметтің маңыздылығы туралы өзекті ойларын айтып өтті. Қызметкерлерді әлеуметтік желіде мәдениетті сақтау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, өз орталарында барынша насихаттауға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<