Фото: baqmedia.kz
Атырауда 28 сәуір күні 16 мың адам жиналған эстрада жұлдыздарының гала концертінде 172 бала жоғалып кеткен деп хабарлайды turkystan.kz.
Нalyq-uni.kz жазуынша, сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен.
Оның 125-і – жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер.
Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<